
Жапония астанасы Токиода каратэден турнир өтті.
Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғады. Олардың қатарында балқаштық спортшылар – Дарья Ли мен Дамир Кузнецов бар.
Дарья Ли Жапония мен Солтүстік Африкадан келген қарсыластарын жеңді. Финалда ол австралиялық спортшыны жеңді.
Дамир Кузнецов Германия мен Ирландия спортшыларын жеңіп, іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.
Дарья Ли - Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейдің сегізінші сыныбында оқиды. Математикадан қалалық, облыстық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, мектептің қоғамдық өмірінің белсендісі. Каратэмен 4 жылдан бері айналысады. Қоңыр белбеудігі бар.
Жерлесімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! 🥇