
«Ғажайып ертегі әлемі» атты жаңа жылдық безендіру бойынша қаламызда байқау өткізіледі. Қатысуға барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары, сондай-ақ қаланың барлық ниет білдірген тұрғындары шақырылады. Конкурстың кез келген номинациясына қатысуға ұжымдық және жеке өтінімдер қарауға қабылданады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау қаланың басты жаңа жылдық шыршасының оттарын салтанатты жағу рәсімі кезінде өткізіледі.
Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:
1. «ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС НЫСАНДАРЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ІРГЕЛЕС АУМАҚТАРЫН ҮЗДІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУ
3. «БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН ҮЗДІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУ»
4. М. ХАМЗИН ат. МС АРТҚЫ АЛАҢЫНДАҒЫ «ЖАСТАР СКВЕРІН КӨЛЕМДІ ФИГУРАЛАР, АРТ-ОБЪЕКТІЛЕР ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ҮЗДІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУ»
Байқау 2023 жылғы 1 желтоқсан мен 22 желтоқсанға дейінгі аралықта екі кезеңде өткізіледі:
І кезең – байқауға қатысуға кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, тұлғаның байланыс телефон нөмірі, байқаудың таңдалған номинациясы көрсетілген өтінімдерді balkhash-kultura@mail.ru электрондық поштасына ұсыну. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1-18 желтоқсан аралығында.
ІІ кезең – комиссияның аралап, қарап өтуі. Фигураларды жасау және орнату, жалпы безендіру қатаң түрде 2023 жылғы 18-20 желтоқсан аралығында басталады. Қазылар алқасы 2023 жылғы 21-22 желтоқсан аралығында байқау қорытындыларын шығару бойынша жұмысы жүзеге асырады.
Барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша « Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ хабарласуға болады: тел.8-71036-4-77-51; 8-71036-3-07-71.