Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

«Ашық әкімдік» ғимаратында Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультацияларды білім беру, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, сәулет, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының Балқаш қаласының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімі және Балқаш қаласының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімі, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Мансаптық орталық, сондай-ақ Балқаш қаласының мемлекеттік архиві өкілдерінен алуға болады.
Барлық қызметалушыларға электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға, сондай-ақ онлайн-режимде электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетілетін болады.