Жастар жөніндегі кеңес отырысы

Жастар жөніндегі кеңес отырысы

Бүгін қала әкімдігінде жастар жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Бұл кеңесте жастар саясатын іске асыру барысы туралы сөз қозғалды.

Қаламызда 35 жасқа дейін 22 245 жас азамат бар, оның ішінде 29 жасқа дейнгі жастар саны  14 993 құрайды. Жастар саясатын жүзеге асыратын негізгі мекеме Балқаш қаласының Жастар ресурстық орталығы болып келеді.

Кеңес барысында Балқаш қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры - Федорова Ирина Владимировнаға бірнеше тапсырмалар берілді. Оның ішінде келесі жылға қаладағы ең үздік волонтерлерді ынталандыру жобасын әзірлеу, «Өркен» қала әкімінің сыйақысын арттыру мүмкіндігін қарастыру және қаланы абаттандыру мен көгалдандыру акцияларына белсенді қатысу.

«Биылғы жылдың өзінде қаламызда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының саны 50 сарбазға ұлғайтылды, жалпы саны 200 адамға жетті. Келесі жылы аталмыш көрсеткішті 250 жеткізуді жоспарлап отырмыз», деді Федорова Ирина.

«Келесі жылы волонтерлар штабын қолдау мақсатында әлеуметтік маңызы бар жоба әзірленуде, бюджеттен қаржы бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар келесі жылы «Өркен» жастар премиясын екі есеге ұлғаяды. 2024 жылы қала әкімінің  жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған гранты беріледі. Қазіргі таңда аталмыш гранттың ережесін құқықтық базасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.» - деп қорытындылады қала әкімі Сапар Сатаев.

Сондай ақ жиналыс барысында жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік қолдау көрсету және жастарды белсенді өмір салтына тарту және спортты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұрақтар көтерілді.