
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында сағат 17.00-де Балқаш қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Г. Ж. Агдарбекова округтік сайлау комиссияларының төрағаларымен ZOOM платформасында семинар-оқыту өткізді.
Кездесу барысында кандидатты ұсыну кезіндегі сайлау құжаттарының нысандарымен жұмыс және кандидаттардың құжаттарын қабылдауды ұйымдастыру (Конституциялық заңда белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкес) талқыланды.
Балқаш қалалық сайлау комиссиясы