
Бүгін қала әкімі Балқаш қаласының тұрғындарымен проблемалық мәселелерді талқылады.
Бұл ағымдағы жылда қала тұрғындарымен он төртінші кездесу.
Жалпы, өткен соңғы кездесудің қорытындысы бойынша жұмысқа 7 сұрақ қабылданып, оның 6-і орындалды. Қалған сұрақ орындау сатысында.
Ағымдағы кездесу барысында 9 тұрғыннан сұрақтар пен ұсыныстар түсті, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы тағы 7 сұрақ пен ұсыныс жұмысқа қабылданды.
Кездесуге 400-ге жуық тұрғын тікелей қатысты және тағы 300-ден астам адам Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн қосылды. Жеке қабылдау аясында 13 адам қабылданды.
Барлық сұрақтар мен ұсыныстар кездесу және жеке қабылдау барысында талқыланып, әрі қарай жұмысқа қабылданады. Кейбір мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттарына 2023 жылға арналған бюджетті нақтылауға ұсыныс енгіземіз.