Балқаштық суретші өз уйін гобелен мұражайына айналдырды

Балқаштық суретші өз уйін гобелен мұражайына айналдырды

Қаламызда тұратын 74 жастағы суретші Өміркелді Әбеуовтың шығармашылық қоржынында 60-тан астам авторлық жұмыс бар. Оның үйі нағыз гобелен мұражайына айналды.

Өміркелді Әбеуов – суретші, ағаш және сүйек оюшы, өрнектелген төсеніштер (шым ши) және гобелендер жасау шебері. Ол қаламыздың Құрметті азаматы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық, республикалық және облыстық көрмелердің қатысушысы. Оның жұмысы Германия, Румыния, Чехияда қойылған.

Өміркелді Әбеуов 1948 жылы Қоңырат кентінде дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде, карьердің энергетикалық қызметінде жұмыс істеді. 1972 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түседі.

Оның алғашқы шығармашылық жұмысы – "Қоңырат туралы ән" гобелені Санкт-Петербургтегі, Мәскеудегі көрмелерде ұсынылған, қазіргі уақытта Алматының республикалық көркемөнер қорында сақтаулы.

Жерлесіміздің шығармалары қаламыздың оқу, медициналық, мәдени мекемелері мен ғимараттарының интерьерін безендіреді. Астана және Қарағанды мұражайларында қойылады.