Балқаш қаласында «Қыс 2022» Республикалық командалық штабтық жаттығулар өткізілді

Балқаш қаласында «Қыс 2022» Республикалық командалық штабтық жаттығулар өткізілді

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау, 2022-2023 жылдарға арналған қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 2022 жылғы 24 қараша мен 25 қараша аралығында Балқаш қаласында «Қыс 2022» Республикалық командалық штабтық жаттығулар өткізілді.

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаш ЖЭО-дағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі апаттардың болуымен байланысты ықтимал дағдарыстық жағдайлардың салдарын жою бойынша «Орталық жылыту жүйесі бар объектілерде жылу тасымалдағышты ағызу» тақырыбында практикалық іс-шара өткізілді.

Сондай-ақ, төтенше жағдайларды жою қызметтері мен ГЗ құрамалары (Балқаш көлінде адамдарды іздестіру-құтқару жасақтары және төтенше жағдайларды жою үшін құрылған маневрлік-іздестіру тобы) сияқты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде күштер тобы дабылға қойылды.

Жалпы, Балқаш қаласының басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құрамалары қысқы кезеңдегі болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына, сондай-ақ авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайын.