
14-23 қараша аралығында Астанада республикалық жас пианистердің "Astana Piano Passion" байқауының жартылай финалы және шешуші финалы өтті.
Жартылай финалға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген қатысушылар ішінен іріктеу кезеңінен өткен балалар шақырылды. Байқау аясында фотепиано музыкасының кештері, бірнеше шебер сыныптар өтті.
Қаламыздың өнер мектебінің оқушысы Шахов Айдар және педагогы Пак Гүлнара Хазисовнамен бірге атаулы байқаудың жартылай финалына өтіп, шақыру алды. Орта жас тобына 24 оқушы қатысып, 3 шығармадан ойнады . Оның ішінде тек 9 оқушы финалға өтті, олардың арасында біздің балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Шахов Айдар және Алматы және Астана қалаларының мамандандырылған музыкалық мектептерінің оқушылары болды. Байқау ережесі бойынша финалда олар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. 23 қарашада байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Айдар 2 орын иеленді.
Құттықтаймыз!! Айдар Тек алға! Өнерің өрлей берсін. Шығармашылық табыс тілейміз!