
Испанияняң Ла-Нусия қаласында жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде "Балқаш" қалалық спорт клубының спортшысы Гүлназ Бөрібаева кезекті жекпе-жегінде әзірбайжандық қарсылас қызынан басым түсіп жартылай финалға жолдама алды. Сөйтіп дәл осы күнге өзіне әлем чемпионатының қола жүлдесін қамтамасыз етіп отыр. Тағы бір боксшымыз Камила Бажбенова шаршы алаңға бүгін шығады.