Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық куәліктерді беру тәртібі

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық куәліктерді беру тәртібі

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беру қарастырылған. Енді, қажет болған жағдайда, азамат құжаттың электрондық нұсқасын ұсына алады.

Азаматтарға қалауы бойынша қағаз жеткізгіште куәліктер мен анықтамалар беріледі.
Қазіргі уақытта, азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін Қағидаларда, электрондық үкімет порталы арқылы қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініш беру және цифрлық куәлік беру мүмкіндігі көзделген.
Осындай ақпараттық өзара іс-қимылдың арқасында азаматтар интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы өтініштер беру және куәліктер мен анықтамалар алу).
Аталған новеллалар азаматтардың уақыт және қаражат шығындарын қысқарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесін толықтай цифрлық форматқа көшіру мүмкіндігін береді.