«ҚР колледждерінің үздік 100 студенті»

«ҚР колледждерінің үздік 100 студенті»

Дауыс беру басталды!

Талантты жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарын танымал ету мақсатында жыл сайын ұймдастырылатын «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсы жеңімпаздарын анықтайтын дауыс беру кезеңі басталды.

Балқаш қаласы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінен және Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінен жалпы дегенде 4 студент қатысып отыр:
Естай Еркеназ Біржанқызы, Кенеғұл Марғұлан Мақсатұлы, Тагаев Адиль Ниетбайулы және Комшабаева Айым Мақсатқызы
Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Дауыс беру қараша айының 1 мен 15 күні аралығында «Talap» КЕАҚ ресми сайтында (https://kasipkor.kz/prod/top100/index.php) өтеді.