
А.ж. 22 қазаны мен 10 қарашасы
аралығында Бас Прокурордың тапсырмасын орындау шеңберінде облыс аумағында прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен «Заң керуені»
акциясы өткізіледі.
Акцияны өткізудің мақсаты жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық
мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен
құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.