Шетел азаматтарына ЖСН жылдам алудың жана тәсілдері пайда болды

Шетел азаматтарына ЖСН жылдам алудың жана тәсілдері пайда болды

️Енді ЖСН-ін "Банк ЦентрКредит" арқылы да алуға болады.

✅Яғни, Халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке сәйкестендіру номерін "Банк Центр Кредит" арқылы рәсімдеу мүмкіндігін сіздерге ұсынып отыр. Қазірдің өзінде 100-ге жуық шетел азаматы екінші деңгейлі банктің бөлімшелерінен өздерінің жеке сәйкестендіру номерін алып үлгерді. Банк бөлімшелерінің мекенжайын графикадан көруге болады.

❗️Айта кету керек, уақыт үнемдеп, көбейген кезекті азайту мақсатында Мемлекеттік корпорация шетелдіктерге eGov.kz арқылы кезекті броньдаудың қосымша қызметін құрастырды. Сондай-ақ кезекті онлайн-броньдау қызметін @Kenes1414Bot Telegram бот арқылы да пайдалануға болады.