
2022 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11:00-де Балқаш қаласы, М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында Балқаш қаласының әкімі Қайрат Амангелдіұлы Камзинның қала халқымен кездесуі өтеді.
Сондай-ақ аталған кездесу Балқаш қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі Instagram «balqash_qalasy_akimdigi», Facebook «Балқаш қаласы әкімдігі» ресми аккаунттарында халықпен пікір алмасу мүмкіндігімен онлайн-трансляцияланады.
Қала әкімінің кездесуіне сұрақтарды, сұраныстар мен ұсыныстарды жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді төмендегі телефондар арқылы қалдыра аласыздар: 8(71036) 4-19-35, 4-42-61, 4-26-48 жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық мекен-жай арқылы: inform_kont@krg.gov.kz.
Балқаш қаласы әкімдігінің ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash?lang=ru
Сағат 13.00-ден бастап қала әкімі Қайрат Амангелдіұлы Камзин қала, Саяқ және Гүлшат кенттерінің тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдайды.
Қабылдау мекен-жайы: Балқаш қаласы, Абай көшесі, 32 үй.
Алдын ала жазылу Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 3 үй мекен-жайы бойынша №124 кабинетінде және 8 (71036) 4-42-61, 4-19-35 байланыс нөмерлері арқылы жүзеге асырылады