
Бағдарламаға сәйкес, банк пен ұйым арасында қызметкерлердің банктегі салымын еңбекақысынан тікелей толықтыру туралы Келісім жасалады.
Келісімге қол қою арқылы ұйым басшылығы қызметкерлерін банк бөлімшелері мен терминалдарында кезекте тұру мәселесін шешеді.
Осылайша қызметкерлерінің уақытын үнемдеп, баспанаға бір қадам жақындауына ат салысады.
Қарағанды облыстық филиалы қазіргі күнде мектептер, ауруханалар, мемлекеттік ұйымдармен, орта және ірі кәсіпорындармен 100-ден астам келісімге қол қойды.
Арманға жол бағдарламасының тағы бір артықшылығы – ұйым есепшілері бағдарлама арқылы банк тарапынан қосымша табыс табу мүмкіндігіне ие болады.
Одан басқа, банк өкілдері банктің басқа да өңімдері туралы ақпарат берді. Ата-анасының балаларына кәмелет жасына толуынан кейін 2% мөлшерлемесімен баспана алуға мүмкіндік беретін «Арнау» депозиті, некелерін жаңа қиған отбасыларға 6% мөлшерлемесімен несие алуға арналған «Жас отбасы» депозиттері, әкімшілк кезектерінде тұрған салымшыларға арналған «Нұрлы жер», «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» бағдарламалары, «Әскери баспана», «Ұмай» әйелдер ипотекасы, және жөндеу жұмыстарына арналған несие бағдарламалары туралы сөз қозғалды.
Барлық сұрақтар бойынша +7 778 700 90 67 нөміріне хабарласыңыз.