
Ел Президенті 01.09.2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бос немесе пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша ауқымды шаралар қабылдап, бағалауды тапсырды.
Балқаш қаласының прокуратурасы осы бағытта жер пайдаланушылардың жер заңнамасын сақтауын тексерді.
Тексеру барысында жер учаскесін тиісті рұқсатсыз өз бетімен басып алудың 4-фактісі, кадастрлық құнды төлемеудің 1-фактісі, жер учаскелерін игермеудің 6-фактісі, жер учаскесін нысаналы мақсатсыз пайдаланудың 2- фактісі анықталды.
Қала прокуратурасының ұсынуы бойынша жер қатынастары бөлімімен осы жер пайдаланушыларға қатысты талап-арыз беру жұмыстары басталды.
Осыған ұқсас заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін қала тұрғындарын жер заңнамасын қатаң сақтауға шақырамыз.
Балқаш қаласының прокуратурасы