Гүлшат кентінде жеңіл атлетикадан жарыс өтті

Гүлшат кентінде жеңіл атлетикадан жарыс өтті

Гүлшат тұрғындары мен кент маңында автожол салып жатқан компания қызметкерлері үшін соңғы екі кеш қызықты өтті. Спорт нұсқаушысы К.Әлібековтың жеңіл атлетикадан ұйымдастырған әуесқойлық жарыстарға олардың барлығы дерлік қатысты. Кросстың арақашықтығы әртүрлі: ерлер үшін-2 км, әйелдер үшін-1,5 км, ұлдар мен қыздар үшін-500 м, «алтын» жастағы» гүлшаттықтар үшін-200 м. болды.

Кросстың ең қарт қатысушысы 84 жастағы Қойшымбаева Т. өз қашықтығында үшінші болып, оны 1-орын алған 74 жастағы Рысқұлова Б. және екінші келген 75 жастағы Байназарова Ш. басып озды.

Ерлер арасында бірінші болып Ғазиматов Ш., 2-орынды Мәметов С., 3-орынды Шәкіров Н. иеленді.

Әйелдер арасында 1-орын алған Төлеубек Г., екінші орын алған Нұршабаева К. және үшінші орын алған Каркенова Г. ерекшеленді.

Жасөспірімдер арасындағы жеңіс тұғыры келесідей: 1 орын–Сыздықов Д., 2 орын-Науразали У., 3 орын- Ишанқұлов Т. Қыздар арасында бірінші болып Қажымұрат А., 2 орын–Асылбекова К., 3 орын-Джайбатарова Т. Әуесқой жарыстар кенттің жас әкімі Р.Қасенханның қатысуымен және қолдауымен өткізілді.