
Қаланың келбетін қалыптастыру және қала тұрғындары үшін жайлы, қажетті инфрақұрылымы бар қоғамдық кеңістіктер құру мемлекетіміздің маңызды шарты болып табылады.
Бүгін, қала әкімі Қайрат Камзин 9 шағынауданда орналасқан болашақ «Самал» скверінің бір бөлігіне старт берді. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылған бұл жобаның авторы өзіміздің жергілікті тұрғын Ермек Алшымбаев болды. Ал оны орындаған мердігер - М.Битусуповтың басшылығындағы «БалқашСнабПродукт» ЖШС жергілікті компаниясы.
Жаңа қоғамдық орында «StreetWorkout» алаңы, спорттық-гимнастикалық кешендер, балаларға арналған ойын аймағы орнатылған, сондай-ақ балдырғандар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы болу мақсатында газонмен және жарықпен қамтамасыз етілген.
Биылғы күздік маусымда аталмыш аумақта көгалдандыру үшін көшеттер отырғызу жоспарланып отыр.
Қолданысқа беру барысының өзінде алаңда ойнап, спорттық жабдықтарды қолданып жатқан қуанышты балалардың көптігіне қарап-ақ, болашақта «Самал» сквері қарым-қатынас, демалыс, салауатты өмір салтын сақтау, шағынаудан тұрғындарының бос уақытын өткізетін тамаша орын болды деп сеніммен айта аламыз.