Орталық саябақта "Алтын күз - 2022" фестивалі өтті

Орталық саябақта "Алтын күз - 2022" фестивалі өтті

Қаламыздың 85 жылдығы аясында 17 қыркүйекте Орталық саябақта өткен "Алтын күз-2022" фестивалінде шығармашылық, қиял, қуаныш, жағымды қарым-қатынас және жақсы көңіл-күй орнады.

Қала тұрғындары "Балқаш күзінің сыйы" атты жеміс – көкөніс өнімдерінің көрме-байқауында конкурсқа қатысушылардың жұмыстарынан туған қаласына, оның жануарлары мен өсімдіктер әлеміне деген сүйіспеншілігін, еңбек адамдарына деген құрметін көріп, тамаша, жарқын қолөнер туындыларды сүйсіне тамашалады.

Байқау жеңімпазы болып №9 орта мектебінің ұжымы танылса, № 2 мектеп –лицейі 2 орынға, 3 орынға Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей ие болды. Сондай-ақ, байқауға қатысқан саяжай учаскелерінің иелері де ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Сол күні өткен "Күз дәмі" нан - тоқаш және кондитерлік өнімдерінің көрме-конкурсының сөзсіз фавориті және Гран – При иегері Балқаш нан зауыты болды, 1-орынды Н.Хамиева, 2-орынды М.Өтепова иеленді, ынталандыру сыйлықтарына А.Иксанова және А.Төлеухан ие болды.

Спорт және салауатты өмір салтын сүйетіндер үшін саябақтың спорт алаңдарында балалар арасында мини-футболдан және жастар арасында стритболдан турнирлер ұйымдастырылды.

"Күзгі ғажайып" қолөнер көрмесінде сәндік-қолданбалы өнердің нағыз шеберлері өз жұмыстарын ұсынды. О.Макушинскаяның тоқылған сүйкімді ойыншықтары мен О.Малкованың ағаштан жасалған бұйымдары баршаға ұнады.

"Алтын күз-2022" фестивалі бос уақытын тиімді өткізуді ұнататын, өмірдегі жағымды нәрсені байқап, басқалармен бөлісе алатын адамдар үшін көңілді де қызықты өтті.