
Балқашта жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл қызметке Қайрат Амангелдіұлы Қамзин тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Балқаш қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.
Депутаттар бірауыздан мақұлдады.
Бұрынғы қала әкімі Ораз Тәуірбеков жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Жеңіс Қасымбек оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа салада табыс тіледі.