
Жастар кәсіпкерлігін, оның ішінде NEET санатындағы жастар арасында қолдауға Балқаш қаласында тұрақты негізде қала әкімінің гранттары бөлінеді.
2022 жылғы 12 шілдеден 15 тамызға дейін «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ қала жастары арасында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауды іске асыру шеңберінде Балқаш қаласы әкімінің грантын беруге қатысу үшін өтінімдер қабылдады. Өтінімдердің жалпы саны 20 үміткерді құрады.
2022 жылғы 19 тамызда Балқаш қаласы әкімінің грантын тағайындау туралы комиссия отырысы өткізілді, онда аталған қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын офлайн форматта тікелей қорғады.
Комиссия мүшелерінің шешімі ашық бағалау арқылы қабылданды.
Осы отырыстың қорытындысы бойынша Балқаш қаласы әкімінің грантының 5 жеңімпазы анықталды.