
Бүгін жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім беру жүйесі қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
Білім беру сапасына қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып, педагогикалық қоғамдың алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылды. Оларды іске асыру үшін үздік құзыреттер мен енгізудің озық тәжірибесі қолданылатын болады. Қаламыздың педагогтары қойылған міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде орындайтынына сенімдіміз!
Марапаттау рәсімінде өз мамандығына адалдығы, сондай-ақ жоғары жұмыс нәтижелері үшін саланың үздік мамандары марапатталды.
"Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен Садвокасова Айгүл Тимурқызы, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен – Солодовникова Ольга Александровна марапатталды.
Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен Қ. Ш. Дүбірбекова, Ж. Т. Жазбекова, Е. А. Садикова, Б. Е. Садуов, К. С. Махмет, Б. А. Далибаев, А. Ж. Ежебаев атап өтілді.
Сонымен қатар, Ж.И. Ізмағамбетова, Н. Д. Түсіпова, П. А. Арыстанбекова, З. С. Сүйгенбаева, А. С. Баубеков, М. М. Әшімқұлова, Е. Қ. Нұрланов, Г. М. Жұманова Қарағанды облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Білім қызметкерлері кәсіподағының арнайы төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен 19 педагог марапатталды.
Білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерін келе жатқан білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!