Референдум 2022

Референдум 2022

3 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына арналған "Ұлы Дала Елінің Мәңгілік Рәміздері" қалалық патриоттық акциясы өтті.
Акция барысында қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды орындады. Балқаштықтарды қала әкімі О.Қ.Таурбеков мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.
Іс-шара аясында 2022 жылы Иордания, Франция және Түркияда өткен халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына алғыс хаттар табыс етілді.
Жерлестеріміз өздерінің жоғары жетістіктерімен еліміздің және туған қаламыздың даңқын шығарып, олардың үздік жеңістерінің құрметіне халықаралық ареналарда Мемлекеттік Әнұран шырқалды, еліміздің Мемлекеттік Туы көтерілді.
Іс-шара алдағы референдумда дауыс беру кезінде өз пікірін алғаш рет білдіретін жас балқаштықтардың қатысуымен "Мен бірінші рет дауыс беремін!" флешмобымен жалғасты.