
Референдумды қолдау мақсатында қалалық қоғамдық штабтың мүшесі, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Т. Ибраева қаланың жеке меншік медициналық мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді.
Оның барысында спикер қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер мен толықтырулардың мазмұнын түсіндіріп, барлығын референдумға белсенді қатысуға шақырды