
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірудің желілік кестесіне сәйкес "ICC" ЖШС еңбек ұжымында спикер - қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі И.С.Сатбеков кездесу өткізді. Жиын соңында жұмысшылар Республикалық референдумды өткізуді қолдайтындықтарын жеткізді.