
Референдумды қолдау жөніндегі қалалық қоғамдық штабтың мүшесі, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі, "Балқаш өңірі" газетінің редакторы Қ. С. Аманқұлов шығармашылық интеллигенциямен және қала жастарының өкілдерімен кездесу өткізді. Оның барысында спикер қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер мен толықтырулардың мазмұнын түсіндіріп, барлығын референдумға белсенді қатысуға шақырды.