Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

12 қараша күні қала әкімі Ораз Тәуірбеков  азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға түрлі сала бойынша жауапты мемлекеттік мекеме басшылары мен мамандар және коммуналды мекеме басшылары қатысты. Аталмыш күні жеке мәселелерімен барлығы 5 тұрғын келді.

Әр өтінішпен жеке танысқан қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәселелерді шешу жолында ұсыныстар білдірді. Қабылдауда балалар ойын алаңын абаттандыру, ауланы жарықтандыру, бейнебақылау камерасын орнату, баспанамен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, Қараменде би көшесі 8 үй 16 пәтердің терезе астына дүкеннің кіреберісіне қосымша жапсырма жұмысын жүргізгендерге шара қолдану сынды мәселелер көтерілді. Қала басшысы әр мәселемен жіті танысып, мәселелерді шешу үшін нақты тапсырма берді.

Ауланы абаттандыру және заңсыз құрылыс жұмысын жүргізу бойынша 16 қараша күні қала аралауының жоспарына енгізілді. Тапсырмалардың орындалу барысы бақылауға алынды.