
Балқашта автожолдарды салу және жөндеу жұмыстары басталды.
Биыл жалпы ұзындығы 1 шақырымға жуық екі жаңа жол учаскесі пайда болады, орташа есеппен 7 көше жөнделеді, автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуі 10 688 м2 алаңда жүргізіледі. Құрылыс және ағымдағы жөндеу бойынша мердігерлер анықталды. Бұл 2 жергілікті кәсіпкерлер.
Сәтпаев көшесі (Ленин көшесінен Спицын көшесіне дейін) автомобиль жолының құрылысы бойынша: "Тастемір "ҚБП" ЖШС жұмыстарды бастады. Кәзір ұзындығы 476 м магистральды құбырды ауыстыруда және аяқтағаннан кейін тікелей асфальт төсеуге кіріседі.
Сонымен қатар, мердігер Иванов көшесінде екінші жаңа автожол салу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Оған қоса, мердігер "Тастемір "ҚБП" Әлімжанов көшесі (Жұмысшы кенті) бойындағы ЖЭО көпіріне дейін, Бөкейханов көшесі мен Рембаза кентіндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеу конкурсын жеңіп алды. Кәзіргі таңда жөндеуді бастауға дайындық жүргізуде.
Мердігер ұйым - "Арарат Универсал" ЖШС Қадыржанов көшесінде (Ағыбай батыр көшесінен Абай көшесіне дейін) а/ж орташа жөндеуге кіріседі. Сондай-ақ, жазғы маусымның соңына дейін мердігер орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады: Рысқұлов көшесі (Ағыбай батыр көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін), Балқаш станциясы Степная көшесі.
Қала әкімі осы ақпаратты бүгінгі тікелей эфирінде атап өтті. Ленин (Абай көшесіне ресімделуде) көшесі бойынша жеке тоқталып өтті.
-"Бұл мәселе жайында маған жиі сұрақ қоясыздар, әлеуметтік желілер арқылы, БАҚ арқылы, жеке қабылдауда болсын. Біз биыл Ленин көшесінің ең тозған, жүруге жарамсыз: Хорунжаядан Спицын көшесіне дейін орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 60 млн. теңгедей қаражат бөлуді жоспарлап отырмыз, егерде депутаттар қолдап жатса. Ал басқа декелей учаскелерді тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана жөндеуге құқылымыз. —деп атап өтті Ораз Тәуірбеков.