Балабақшалардағы тариф кішігірім сомаға көтерілетін болды

Балабақшалардағы тариф кішігірім сомаға көтерілетін болды

Балабақшалардағы тариф кішігірім сомаға көтерілетін болды.

"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ келесіні хабарлайды:
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 06/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы"
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 25/01 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 4 мамырынан бастап Балқаш қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері:
- 3 жасқа дейін балаларға - 11 000 теңге(2465 теңгеге қымбаттаған);
- 3 жастан бастап - 14200 теңге кұратын болады (3850 теңгеге қымбаттаған).