
Қоңырат шағынауданында көпбалалыларға арналған үйлердің құрылысы басталды.
Өткен аптада Балқаш қаласының әкімі @teplydomkz компаниясымен меморандумға қол қойған болатын. Қарағандылық инвесторлар алынбайтын қалыптан 10 эко-үй салады. 200 шаршы метрге жуық бір ғимарат екі отбасына бөлінеді. Сумен және орталық жылумен қамтамасыз етіледі және әр үйдің өз алаңы болады.
Инвестордың айтуынша, Балқаш көшесіндегі құрылыс күзге дейін аяқталады.
Мұқтаж санатындағы қала тұрғындарына арналған үйлерді салуға инвесторларды тарту бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда 6 меморандум жасалды. Қоңырат шағын ауданнан басқа, Шашубай және 10 ықшамаудандарда құрылыс жүріп жатыр.