Балқашта Covıd-19 қарсы вакцинациялау басталды

Балқашта Covıd-19 қарсы вакцинациялау басталды

Балқашта Covıd-19 қарсы вакцинациялау басталды

18 жастан асқан қала тұрғындары тегін иммунизация ала алады. Ленин көшесі, 10 бойынша бірыңғай вакцинация орталығы ұйымдастырылған, жұмыс уақыты: сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін. "Спутник V" препаратын бірінші болып 85 медицина қызметкері алды. Олардың жағдайлары қалыпты, бақылауда.

Екпе алғандардың барлығы 3 күндік медициналық бақылауға алынады.
Вакцина COVID-19 ауруын тудырмайды және адамның тұқым қуалайтын материалына (ДНҚ) әсер ете алмайды.

Вакцина 21 күн аралығымен екі дозамен енгізіледі.  Максималды иммунитет организмде екінші дозаны алғаннан кейін ғана пайда болады. Вакциналарды енгізуге ағзаның жағымсыз әсерлері немесе реакциясы болуы мүмкін - бас ауруы, жоғары температура, әлсіздік, ауыру, енгізу орнындағы ауырсыну. Бұл ағзаның күтілетін реакциясы, одан қорқудың қажеті жоқ және ол екі-үш күнде өздігінен кетеді. Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасады.

Вакцинациядан 24 сағат бұрын және вакцинациядан кейін 24 сағат ішінде ауыр спорт түрлерімен айналыспау, саунаға бармау және алкогольді ішпеу ұсынылады.

Қазіргі уақытта вакцинация халықтың кең тобына қол жетімді және барлық адамдарға иммундау жүргізілуде. Медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған барлық ведомстволардың медицина қызметкерлеріне, балалардың білім беру мекемелерінің (мектептер, мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, санаторийлердің) педагогтері мен қызметкерлеріне басымдық берілетін болады.

Барлық тілек білдірушілер тіркелген жері бойынша емхананың учаскелік қызметіне жүгіне алады.