«Senim 109» қызметі Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халыққа есеп беру кездесуіне арналған өтініштерді қабылдайды

«Senim 109» қызметі Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халыққа есеп беру кездесуіне арналған өтініштерді қабылдайды

«Senim 109» қызметі Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халыққа есеп беру кездесуіне арналған өтініштерді қабылдайды. ⠀ Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 19 ақпанда сағат 10.30-да халықпен есеп беру кездесуін өткізеді. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты оның форматы онлайн болып өзгертіледі. Аймақ басшысының сөйлеген сөздерін облыстың барлық телеарналары бір мезгілде таратады, тікелей эфирді SARYARQA TV ютуб-арнасынан, сондай-ақ еkaraganda.kz сайтынан көруге болады. Облыс әкімінің есептік кездесуі кезінде қарау үшін сұрақтарыңызды telegram bot арқылы (https://t.me/senim109kz_bot), сондай-ақ 📞109 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы (қоңырау шалу барлық құрылғылардан тегін) қоя аласыз.