Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Балқаштың құрметті азаматтарын" мараппаттау өтті. Маңызды шараны қала әкімі өткізді.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Балқаштың құрметті азаматтарын" мараппаттау өтті. Маңызды шараны қала әкімі өткізді.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Балқаштың құрметті азаматтарын" мараппаттау өтті. Маңызды шараны қала әкімі өткізді.

Еңбек ұжымдарынан және қоғамдық ұйымдардан қала әкімінің атына келіп түскен өтініштері негізінде, 3 азамат жаңа атаққа ие болды.

Аманжолов Сақатай Аманжолұлы еңбек және спорт ардагері.
Ұстаздық жолын 1961 жылы жолдамамен келіп Балқаш қаласындағы №30 А.С. Макаренко атындағы орыс мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1963 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды политехникалық институтының Балқаш филиалына физика пәнінің мұғалімі болып орналасады.
Сақатай Аманжолұлы 1974 жылы Алматы жоғарғы партия мектебіне қабылданады.
1976 жылы партия мектебін бітіргеннен кейін Жезқазған облыстық партия комитетінің үгіт-насихат бөліміне еңбекшілерге экономикалық білім беру жөніндегі кеңесші қызметіне тағайындалады. 1978 жылы партия Балқаш қаласы комитетінің партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Жүніс Абугалиевпен бірге жеті жыл қаланың идеологиялық жұмысын жоғарғы деңгейде жүргізді. Сол кездері Балқаш қаласы партия комитетінің идеология саласындағы жұмысы Республикадағы алдыңғы қатарға шықты.

1985 жылы Сақатай Аманжолұлы Балқаш кен-металлургия комбинатының идеология саласы бойынша хатшы болып сайланып үлкен өндіріс орынының өркендеуіне зор үлесін қосты.

Кеңес үкіметі ыдырап, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында мемлекеттік мүлік жөніндегі Балқаш қалалық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Қарағанды аймақтық комитетінің Балқаш, Приозерск қалалары және Ақтоғай ауданы бойынша өкілі қызметін атқарды.
Қызмет атқарған жылдары 5 мәрте қалалық кеңестің депутаты болып сайланған.
Сақатай Аманжолұлының осындай игілікті еңбек жолынан басқада айтарлықтай белестері жеткілікті.
Бала күнінен ат құлағында ойнаған алып денелі азаматтың спортқа бейімделуіде заңдылық құбылыс еді. Ол жастайынан күреспен шұғылданып үлкен жетістіктергі жетті. Қазақ күресінен екі рет – 1957, 1958 жылдары Қазақстаннның чемпионы атағын жеңіп алды. Еркін күрестен Қарағанды қаласының және облыстың бірнеше дүркін чемпионы атанды. Орта Азиялық, бүкілодақтық студент жастары ойының жеңімпазы болды.
1959 жылы Мәскеу қаласында КСРО халықтарының ІІ спортакиадасына қатысып, Одақтағы барлық ұлттардың күресімен бірге қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін көрсетіп үлкен абыройға ие болып чемпион атанды. Осы еңбектері КСРО халықтарының ІІ спортакиадасының энциклопедиясына еніп, Мәскеудің Лужникидегі орталық стадионында Совет спортының мұражайында сақтаулы тұр.
2010 жылы Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен V дүниежүзілік күрес ойындарының қадірлі қонағы болып, қазақ кұресін дамытуға дамытуға қосқан зор үлесі үшін спорт ардагері Сақатай Аманжолұлы Спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен және ескерткіш медалімен марапатталды. Сақатай Аманжолұлы «Қазақстан барысы» турнирінің бірнеше рет құрметті қонағы болып жас балуандарға ақыл-кеңесімен, ақсақалдық батасын беріп жүр.
Еңбек жолын тамаша тәмамдаған зейнеткер ағамыз бүгінде халқының қамымен, қоғамның тынысынан тыс қалған емес.
2004 жылы Сақатай Аманжолұлы қаламызда құрылған атақты Ақжолтай Ағыбай батыр қорының төрағалығы қызметін қолға алып, халық арасында батырдың өмір жолын насихаттауда орасан жұмыс жүргізді. Әсіресе, Балқаш қаласының Тәуелсіздік алаңында Ақжолтай Ағыбай батыр ескерткішінің асқақтауына сіңірген еңбегі зор.

Сақатай Аманжолұлы өмірде көргенмен блігенін, тәжірибелік түйгенін қағаз бетіне түсіріп 2012 жылы «Өмір өзен» атты ғұмырнамалық кітабын жазып ұрпаққа үлгі ретінде ұсынды. Арда ағамыздың осы қастерлі ісі оның ұрпаққа деген аталық қамқорлығы деп бағалануда.

Тулеуов Бекен Тулеуович 1935 жылдың 25 қазан күні Талдықорған облысы Бөрлі-төбе ауданынды дүниеге келген. Еңбек ардагері.
1958 жылы Алматы қаласындағы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін математика пәні мұғалімі факультетін бітірген. Еңбек жолын қазіргі Ақтоғай ауданының Қызыларай совхозындағы №2 мектепте мұғалім болып бастаған, Бекен Тулеуович бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады. Бекен Тулеуович 1961-1963 жылдары қаламыздағы №18 мектебінде математика пәнінің мұғалімі, 1963-1977 жылдары жұмысшы жастар мектебінде, тәрбиесі қиын оқушыларға арналған арнайы мектептерінде директор, 1977-1996 жылдары Приозерный ауданының білім бөлімінің меңгерушісі, 1996-2007 жылдары Қарағанды облысының мұғалімдерді қайта даярлау институтының Балқаш қалалық бөлімшесінде әдіскер, меңгеруші қызметтерін атқарған.
Бекен Тулеуович зейнеткерлікке шыққан кейін, қоғамдық жұмыстардан алшақ кетпей, 2011 жылға дейін қала әкімдігі жанындағы бағаны тұрақтаныдру комиссиясының, «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі болды. 2008 жылдан бастап қалалық ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымында төрағалық қызметін атқарып келеді.
Республикалық қоғамдық-саяси газеттің рейтингімен Қадыржан Тейлянов "Үздік маслихат хатшысы" төсбелгісіне ие болды. Мерекелік шара барлық санитарлық талаптарды сақтаумен өтті.