
Балқаш қаласының Полиция бөлімі
Криминалдық полиция бөлімшесі
ЕСКЕРТЕДІ: АБАЙЛА!!! ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ!
Құрметті балқаштықтар және біздің қаламыздың қонақтары!
Белгілі Интернет-сайттарда сауда алаңдарын пайдалану арқылы қылмыскерлердің алаяқтық фактілері жиілеп кетті, соның ішінде www.kolesa.kz, www.market.kz, www.olx.kz, www.della.kz. Түрлі тауарларды, өнімдерді сату, жалдамалы пәтерлерді, электронды пирамида сатуц, кредитті рәсімдеуге көмек көрсету, қалааралық жүк тасымалдау қызметтері және әртүрлі қызметтер көрсету үшін "facebook", "ВКонтакте", "mail.ru", "одноклассники", сондай-ақ " WhatsApp", "Telegram", " Instagram " және т.б. мессенджерлерінде әлеуметтік желілерді пайдалануда. Бұл ретте, қылмыскерлер қандай да бір тауарды сату кезінде алдын ала төлемді талап етеді, ол үшін Qiwi-әмияндардың, түрлі банктердегі шоттардың нөмірлерін көрсетеді, оларды тексеру кезінде жалған тұлғаларға тіркелген болып табылады. Немесе жәбірленушілердің банк карточкаларына әртүрлі сылтаулармен қол жеткізуге болады.
Келесі қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтықтың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:
- тексерілмеген сату көздерін пайдаланбаңыз;
- ешбір жағдайда өзіңіздің банктік карточкаларыңыздың деректемелерін ешкімге бермеңіз, әсіресе Интернет арқылы сөйлескенде;
- банк операцияларын растау үшін жіберетін бір реттік парольдерді белгісіз тұлғаларға қандай да бір сылтаумен жібермеңіз (төлемді және т.б. жүргізу қажеттілігі үшін).
- интернет, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәмілелерден бас тартыңыз;
-интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлем жасауға - төлем жүйелері арқылы белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;
- басқа қаладан автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді, әртүрлі тауарларды сатып алған кезде достарыңызды немесе таныстарыңызды сатушымен кездесуге және сатып алынатын тауарды тексеруді сұраңыз;
- белгісіз тұлғалар арқылы несие алу кезінде көмек көрсету туралы хабарландыруларды пайдаланбаңыз .
- жеке мәліметтеріңізді (жеке куәлік, банк мәліметтері) ешкімге бермеңіз.
-жүк тасымалдау кезінде Qiwi-әмияндар, күмәнді шоттар арқылы төлем жүргізбеңіз.
АЗАМАТТАР, АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!!!Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардан зардап шексе, уақытылы 102, 4-28-14, 4-16-39, 8-775-534-71-01, 8-778-380-77-74 телефондарына хабарласуды сұраймыз.