Балқашта мырыш зауыты қайта іске қосылады.

Балқашта мырыш зауыты қайта іске қосылады.

Жоба кәсіпкерлік бөлімі мен "Kazakhmys Progress"ЖШС қоғамдық тыңдауларында мақұлданды.

Жаңа өндірісте төмен сұрыпты мыс концентраттарын қайта өңдеу, катодты мыс шығаруды ұлғайту, мыстың тікелей алынуын арттыру, ілеспе өнімдерден (мырыш пен қорғасыннан) қосымша пайда алу көзделеді. Ол үшін консервацияда тұрған мырыш зауытының гидрометаллургиялық жабдықтары қолданылады.

"Төмен қоспалы" шикізатты өңдеу үшін мысты автоклавты шаймалау әдісі қолданылады. Нәтижесінде жылына 19 мың тонна мырыш концентраты және жылына 21 мың тонна қорғасын концентраты алынады. Оған қоса мыс-сульфидті, алтын мен күмісті концентраттарын алуға болады.

Экологиялық зерттеулер көрсеткендей, бұл жобаны жүзеге асыру канализациялық тазарту жүйесінің қазіргі ластану деңгейінің айтарлықтай өзгеруіне әкелмейді.

Қосымша 700 жұмыс орны ашылады. Ондағы 120 инженерлік-техникалық мамандықтар. Қалғандары аппаратшы-гидрометаллургтар, флотаторлар, механиктер, электриктер және басқа да жұмысшы мамандықтар.

Өндірісті қайта құруға 100 миллион доллардан астам инвестиция қажет болады. Өндірісті іске қосу 2022 жылға жоспарланған. Қаржыгерлердің есептеулері бойынша, 20 жыл ішінде табыс 60 млн доллардан асуы тиіс.