"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Үздік аула" және "үздік үй" байқауының қорытындысы шығарылды

"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Үздік аула" және "үздік үй" байқауының қорытындысы шығарылды

Қоршаған ортаны жақсарту мен аумақтарды абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Үздік аула» және «Үздік үй» байқауларының жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың мақсаты – тұрғын үйлер мен аулалардың жағдайына азаматтық жауапкершілікті арттыру, қолайлы және экологиялық таза қалалық ортаны қалыптастыру, сондай-ақ бастамашыл тұрғындарды ынталандыру.

Байқау жеңімпаздары:

🏆 «Үздік аула» номинациясы бойынша
Жеңімпаз – Қазбекова көшесі, №9 үйдің ауласы.
Сыйлығы – балалар ойын алаңын орнату.

🏆 «Үздік үй» номинациясы бойынша
Жеңімпаз – Бөкейханов көшесі, №12 үй.
Сыйлығы – сыртқы қабырғаларды жөндеу.

Әкімдік барлық қатысушыларға белсенділігі, бастамашылдығы және таза әрі жайлы қалалық ортаны дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасын табады.