Меню

Страницы

Статья

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2025 жылы халықты әлеуметтік қорғау тиімділігінің басты көрсеткіші халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тұрақтылығы болып табылады.

Осы мақсаттарға арналған бюджеттің жалпы көлемі 1355,9 млн. теңгені құрайды, 2024 жылмен салыстырғанда 67,9 млн.теңгеге артық.

Есепті кезеңде жалпы сомасы 8,9 млн.теңгеге 19 отбасы (93 адам) атаулы әлеуметтік көмек алды (оның ішінде 10 көпбалалы отбасы, 63 адам). Атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай -АӘК) алушы көрсеткіші, 2024 жылғы 8 аймен салыстырғанда, 9 отбасына төмендеді (2024 жылы 8 айда - 28 отбасы 126 адам, оның ішінде көпбалалы - 11 отбасы 65 адам).

Әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерімен 263 отбасы жалпы сомасы 17,7 млн. теңгеге қамтылды.

Олардың ішінде:

          - әлеуметтік төлемдерді, өмірлік қиын жағдайға тап болған 131 азамат алды (11,1 млн. теңге);

          - тұрғын үй көмегімен 95 отбасы қамтылды (4,1 млн. теңге);

          - мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу 37 отбасына төленді (1,6 млн. теңге);

          АӘК алатын аз қамтылған 15 отбасының 29 баласына жалпы сомасы 0,9 млн. теңгеге қосымша төлем жүргізілді.

Мерекелік және атаулы күндерге біржолғы төлемдерді қалалық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 119,7 млн. теңгеге 3941 азамат алды (Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылар, тыл еңбеккерлері, көп балалы отбасылар, жетім балалар, аз қамтылған азаматтар және т.б.).

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру болып табылады.

Қалада 3900-дан астам мүгедектігі бар адам тұрады (оның ішінде 378 бала), бұл жалпы халықтың 5% құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы оңалтудың қосалқы техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен 1367 адам немесе қажеттіліктің 81,6% (1677 адам) қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру аясында қосымша арнаулы әлеуметтік қызметтермен жалпы сомасы 29,3 млн. теңгеге 1570 адам қамтылды.

Қоғамдағы отбасы институтын нығайту мақсатында қалада 2024 жылдан бастап өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға кешенді қолдау көрсететін «Балқаш қаласының отбасыларына қолдау көрсету және көмек көрсету жөніндегі бірыңғай орталық» КММ (әрі қарай-Орталық) жұмыс істейді.

2025 жылдың 8 айында Орталық арқылы 197 әйелге қызмет көрсетілді.

Жалпы, 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштері орындалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Дата публикации
16 июля 2020
Дата обновления
19 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларының құрамы
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы