Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы және функциялары.
Бөлімнің құрылымы 4 бөлімшеден тұрады:
1. Еңбек, әлеуметтік әріптестік және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру секторы-1 сектор меңгерушісі, 3 бас маман .
Сектордың басты міндеті Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты қысқарту, жұмыс орындарын құру, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тиімді жұмысын жан-жақты қамтамасыз ету болып табылады.
Сектордың функциялары:
өтініш білдірген азаматтар мен жұмыссыздарды жұмыс істеу және алу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабардар ету;
азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда көмек көрсету, жұмысқа орналасу, оқу үшін жолдама беру және қоғамдық жұмыстар;
еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыру;
өтініш берген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей азаматтарды тіркеу, есепке қою;
азаматтар мен жұмыссыздарға кәсіптік бағдар беруде тегін қызмет көрсету ;
жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу;
жұмыссыздарды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік оқытуға жіберу;
жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;
Бос орындар "жәрмеңкелерін" өткізу
экономикалық белсенді халықтың (жұмыс күшінің) бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және халықты, жергілікті және орталық атқарушы органдарды еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету;
нысаналы топтар бойынша автоматтандырылған деректер банкін қалыптастыру;
халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын және нысаналы топтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды іске асыру;
еңбек нарығының бейресми, "көлеңкелі" секторында жұмыспен қамтылғандардың еңбек қатынастарын заңдастыру;
жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі белсенді бағдарламаларды іске асыру мақсатында еңбек нарығында әлеуметтік әріптестікті дамыту;
әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
жоғары тұрған органдарға есептерді жасау және уақтылы ұсыну;
жұмыспен қамту бойынша апта сайынғы мониторинг дайындау.
2. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу секторы-1 сектор меңгерушісі, 2 бас маман, 1 жетекші маман.
Сектордың басты міндеті әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тиімді жұмысын жан-жақты қамтамасыз ету болып табылады.
Сектордың функциялары:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тағайындау және төлеу;
үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеу;
тұрғын үй көмегін алушыларға тағайындау және төлеу;
қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуіне өтемақы тағайындау және төлеу.
бөгде адамның көмегіне мұқтаж, 1, 2-топтағы жалғызілікті мүгедектердің күтіміне қосымша үстемеақы тағайындау және алушыларға төлеу;
азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек тағайындау);
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне қатысушылардың тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстары бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу.
әлеуметтік жәрдемақы және табыс алушылар мәліметтерінің дұрыстығы бойынша кәсіпорындар және ұйымдармен, сот органдарымен жұмыс.
әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
әлеуметтік көмектің әрбір түрі бойынша қаражат қажеттілігін талдау және болжау;
халықты көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері туралы хабардар ету және түсіндіру;
18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау және төлеу;
әлеуметтік көмек бойынша мониторинг жүргізу.
3. Ардагерлермен, мүгедектермен және аз қамтылған азаматтармен жұмыс жасау секторы
- 1 сектор меңгерушісі, 2 бас маман, 1 жетекші маман.
Сектордың басты міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау болып табылады
Бөлімнің функциялары:
аз қамтылған азаматтарды анықтау және есепке алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
аз қамтылған азаматтардың деректер базасын уақтылы жүргізу;
аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу;
әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
санаторлық-курорттық емдеуді қажет ететін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жолдамалар сатып алуға көмек көрсету;
біржолғы өтемақы тағайындау үшін Семей ядролық сынақ полигонында және басқа да экологиялық аймақтарда ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдардың құжаттарын қабылдау, есепке алу және өңдеу;
тұрмысы төмен азаматтарға құжаттарды қалпына келтіруге көмек көрсету;
Қызыл Жарты Ай қоғамы, аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі облыстық өңірлік қор, "саңыраулар клубы", "зағиптар қоғамы", "мүгедектер қоғамы", "Диабет" қоғамы сияқты Мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау»;
мүгедектердің, аз қамтылған азаматтардың, ҰОС қатысушыларының, мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың проблемаларын шешу бойынша басқа атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
мүгедектерге, кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтарға, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы көмек көрсету және бекіту бойынша кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар басшыларымен жұмыс;
мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық бұйымдарды, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алуға көмек көрсету;
22.06.1941-09.05.1945 жылдар кезеңінде кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтардың өтілін растау бойынша жұмыстар жүргізу;
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік - құқықтық актілер бойынша консультативтік, түсіндіру жұмыстарын жүргізу ;
бөлімге жоғары тұрған Департаментпен жүктелген функцияларды жүзеге асыру.
4. Бухгалтерлік есеп және есептілік секторы-бас бухгалтер, бас мамандар-2 бірлік, 1 жетекші маман.
Сектордың басты міндеті келіп түсетін ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың нақты есебін қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепте олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсету болып табылады.
Сектордың функциялары:
тиісті есептермен алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінім жасау ;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын әзірлеу;
барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын әрбір ерекшелік бойынша есептеулермен уақтылы жасауды жүзеге асыру және қаржыландыру жоспарларына қажеттілігіне қарай өзгерістер енгізу;
әр түрлі ұйымдармен есеп айырысу бойынша қазынашылық бөлімі бойынша бастапқы бухгалтерлік құжаттарды өңдеу;
бөлімнің қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша ай сайынғы есепті жасау;
бекітілген кестеге сәйкес есептілікті дайындау және уақтылы ұсыну;
келіп түсетін ақшалай, тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды нақты есепке алу, сондай-ақ олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету;
штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтау;
тауар-материалдық құндылықтардың, негізгі қорлардың ақша қаражаттарына түгендеу жүргізудің белгіленген қағидаларын сақтау;
материалдық құндылықтардың түсуі мен шығысы бойынша құжаттарды ресімдеу;
материалдық құндылықтарды пайдалану бойынша есепке алу, дебиторлық берешекті есепке алу;
аударуға банктік құжаттарды жүргізуге құжаттарды ресімдеу;
бюджет қаражатын игеру мониторингін жүргізу.