Балқаш қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.03.2026 - 07.03.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.03.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.03.2026
Практикалық бағалау Тапсырма 1 28.03.2026
Тапсырма 2 29.03.2026
Тапсырма 3 30.03.2026
Анықтама телефоны: 8(71036) 43106
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700 тг.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Балқаш қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4, №1-3
(Лауазым мәртебесі: уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлеріне есеп жүргізу жұмыстарын жүргізеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату жөніндегі құжаттарды ресімдейді. Тәртіптік, аттестациялық және еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссиялардағы хатшының міндетін атқарады және олардың шешімін ресімдейді. Мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдейді. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына жіберу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалаудың қорытындысын қайта қарайтын комиссияға, алынған ұпайларға сәйкес, рейтинг түрінде қорытынды ақпарат ұсынады. Мамандардың қозғалысы жөнінде уақтылы есептерді дайындауды қамтамасыз етеді. Өз құзыры шегінде мәліметтер, есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындайды. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықпен күресуін, кәсіби дайындығының деңгейін көтеруін және құқықтық оқумен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметкерлердің міндеттемелері мен табысы жөнінде салық ұйымдарына декларация тапсыруларына бақылау жасайды. Балқаш қаласының әкімдігіне, сыбайлас жемқорлығы үшін тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметкерлер жөнінде ақпарат беріп отырады. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп этикасын сақтауын қадағалайды, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп этикасын бақылау кітабына, әдеп этикасының ережелерін бұзғандығы жөнінде халықтан түскен өтініштерді тіркеп отырады. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қорытынды статистикалық есептерін жасайды. Бөлімнің ресми сайтының уақтылы толтырылуын қадағалайды. E-otinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді және уақытылы орындалуын қадағалауды жүзеге асырады.
Жалпы біліктілік талаптары
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Білімге қойылатын талаптар
Мамандық бойынша талап
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4902822582