«Саяқ қенті әкімінің аппараты» ММ бас маман-бас бухгалтер, (санаты E-G-3, №1-4) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Балқаш қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.02.2026 - 22.02.2026 

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 28.02.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.03.2026

Практикалық бағалау: Тапсырма 1: 07.03.2026

                                      Тапсырма 2: 08.03.2026

                                      Тапсырма 3: 09.03.2026

Анықтама телефоны: 8(71036) 43106

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

«Саяқ қенті әкімінің аппараты» ММ бас маман-бас бухгалтер, (санаты E-G-3, №1-4)

 (Лауазым мәртебесі: бос)

Функционалдық міндеттері:

Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды, шоттарда олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсетуді, өндіріс және айналым шығындарын есепке алуды, мекеменің шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелері бойынша шығыстар сметасын орындауды, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, сондай-ақ есепке алу және кредиттік операцияларды ұйымдастыруды ұйымдастырады. Құжаттардың заңды, уақтылы және дұрыс ресімделуін, орындалатын жұмыс үшін жалақының дұрыс есептелуін және әлеуметтік және зейнетақы аударымдарына салық ақшасының аударылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қаржылық тәртіпті сақтау. Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындаумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасауға қатысу, Қазынашылықтың аумақтық органдары арқылы жүргізілетін операциялардың есебін жүргізу, шығыстар сметасын орындау және бюджет қаражатын нысаналы пайдалану бойынша экономика және қаржы бөлімімен өзара іс-қимыл жасау. Міндетті медициналық сақтандыру қорына ММС жарналарын есептеуді және аударуды жүргізу, әкім аппараты қызметкерлерінің, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы (материалдық көмек, сыйақы, еңбекке жарамсыздық, демалыс, іссапар) еңбекақысы мен өзге де төлемдерінің есебін жүргізу. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасау және бекіту. Салық есептілігін жасау және оны мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыну, бухгалтерлік есепті жүргізудегі ағымдағы процестер туралы тікелей басшыны тұрақты хабардар ету, сондай-ақ барлық стандартты емес, күрделі, даулы жағдайлар туралы уақтылы хабарлау. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы айлық, тоқсандық және жылдық есептерді, бухгалтерлік балансты жасау, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын жасау және орындау, жергілікті және республикалық бюджеттен қаражаттың жұмсалуын жүзеге асырады. Бюджет қаражатын игеру. "Жергілікті бюджеттердің атқарылуының Қаржылық мониторингі (Қаржы Үйі) "ААЖ электрондық базасының жұмысын жүргізеді, бюджеттік бағдарламаларды енгізу бойынша" Ашық бюджеттер " порталында жұмыс істейді. Саяқ кентінің әкімі жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жалпы біліктілік талаптары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Білімге қойылатын талаптар

  • Жоғары білім
  • Орта кәсіби білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Кәсіби білім

Мамандық бойынша талап

  • Бизнес және басқару (код=6B041, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4877728647

 

Дата публикации
19 февраля 2026