«Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4, №1-3

https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4873097926

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

Балқаш қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.02.2026 - 21.02.2026 

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 28.02.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.03.2026

Сұхбат: Тапсырма 1 07.03.2026

                Тапсырма 2 08.03.2026

                Тапсырма 3 09.03.2026

 

Анықтама телефоны: 8(71036) 43106

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

 «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4, №1-3

(Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесіне қойылатын талаптарды әрекет ететін заңнамаға сәйкес сақтауға. Еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын сақтауға. Мемлекеттік сырды, заңмен қорғалатын құпияны, қызметтік құпияны сақтауға, оның ішінде жұмыстан босатылғаннан кейінде сақтауға. Мемлекеттік мүлік пен өрт қауіпсіздігінің, бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге. Заң актілерін және нұсқаулық құжаттарды білу. Өз құзыреті шегінде нормативті - құқықтық актілердің талаптарын қатаң орындауға. Өз құзыреті шегінде мәліметтер, есептер, анықтамалар, хаттар мен басқа да құжаттарды әзірлеп дайындауға және құжаттарға қол қоюға. Жоғарғы және басқа мекемелердің тапсырмаларын, сұраныстарын уақытылы және сапалы орындауға. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалар өтініштерін және хаттарды уақытылы және сапалы қарастырып, жауап беруге. Жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі, жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөніндегі, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі, жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауға. Жер учаскесін сатып алу - сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын, жалға алу құқығын сатып алу-сату шарттарын жасауға. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау», «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру», «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру – 2 кезең», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 2 кезең» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындауды дайындауға. Қаланың жер балансын жасауға. «ЖҚЕ»АЖ (жер қатынастары есебі) бойынша жұмыстарды жүргізуге. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізуге. Жер қатынастары сұрақтарын реттеу бойынша комиссияларға қатысуға. Жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу бойынша жұмыстарға қатысуға. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беруге. Бөлімнің іс номенклатурасын әзірлеу және бекітуге. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасын жүргізу, оларға кеңес беруге. «Документолог» ақпараттық бағдарламаны қамтамассыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға.

 

Жалпы біліктілік талаптары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Деректер уақытша жоқ

 

Білімге қойылатын талаптар

  • Жоғары білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Кәсіби білім

Мамандық бойынша талап

  • Құқық (код=В049, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Сәулет және құрылыс (код=6B073, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

Дата публикации
18 февраля 2026