Мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы (5-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы (5-1)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

Балқаш қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.01.2026 - 01.02.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.02.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 11.02.2026

Сұхбат: 17.02.2026

Анықтама телефоны: 8(71036) 43106

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы (5-1)

 (Лауазым мәртебесі: бос)

Функционалдық міндеттері:

Әкім аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Қала әкімі, әкімдігі қабылдайтын құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізеді. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге уақтылы жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады, олардың БАҚ-та уақытылы жариялануына, қабылданған құқықтық актілердің тіркелімін және мониторингін жүргізуге бақылауды жүзеге асырады. Әкім аппаратының, әкімдіктің нормашығармашылық қызметін талдау бойынша жұмысты үйлестіреді.Құқықтық мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Әкім аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда құқықтық білім беру мектебінің қызметін қамтамасыз етеді. Шағым – талап, шарт жұмыстарын ұйымдастыруды, шарт жобаларын, оның ішінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасалатын жеке еңбек жобаларын қарауды қамтамасыз етеді. Соттарда "Қала әкімінің аппараты" ММ, әкімнің және әкімдіктің мүдделерін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді, қалалық бағдарламаларды, оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша қалалық Кеңестің қызметін қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарымен құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды, прокурорлық ден қою актілерін, соттың жеке ұйғарымдарын қарайды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлейді. "Заң" Деректер Базасы " ААЖ жұмыс істеуін, уақтылы жаңартылуын және сақталуын бақылайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану практикасын талдайды. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша ұсынылған ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды жүзеге асырады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның үйлестірушісі болып табылады. «Электронды құжатайналымы», «Е-Қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау.

Жалпы біліктілік талаптары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

 

Білімге қойылатын талаптар

  • Жоғары білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық бойынша талап

  • Құқық және экономика негіздері (код=5В011500, түрі=Педагогикалық ғылымдар)
  • Құқық (код=В049, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

Шағым жасау тәртiбi              

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

Дата публикации
29 января 2026