Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша2025 жылғы қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдары 49 түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің талдауы 2025 жылы Балқаш қаласында 10 220  мемлекеттік қызмет көрсетілгендігін көрсетті. Қызмет берушілермен қағаз түрінде көрсетілген 28 мемлекеттік қызмет, қызмет берушілермен қағаз түрінде көрсетілген, бірақ "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін 254, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген 959 , электрондық түрде 8 961 көрсетілген мемлекеттік қызметтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады.

Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтреді көрсетететін Балқаш қаласының барлық мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық стендтер бар, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы Балқаш қаласы әкімдігінің парақшасында барлық қажетті ақпарат жарияланған, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс –шаралар жүргізіледі.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілді: 680 буклет таратылды. Жалпы, 2025 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін электрондық форматқа көшіруге бағытталған 55 іс-шара өткізілді.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет порталын» қолданушылар үлесін ұлғайту мақсатында қызмет алушыларға жалпыға қолжетімді 46 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеп тұр. Әр «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышына» өз қызметінің бағыты бойынша қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу бойынша консультациялық көмектер көрсететін жауапты тұлғалар бекітілген.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі - мемлекеттің басты басымдығы. Сондықтан қызмет көрсетушілердің міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше бақылауда тұр, осыған байланысты 2026 жылы Мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Дата публикации
28 января 2026