Балқаш қаласының жас сайлаушылар клубы – 14–30 жас аралығындағы жастардың ерікті бірлестігі болып табылады және Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамасына және сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес қызмет атқарады. Клуб жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстаным қалыптастыру және электоралдық мәдениетті дамыту, сондай-ақ ақпараттық-білім беру іс-шаралары, дебаттар, тренингтер, рөлдік және іскерлік ойындар ұйымдастыру, әлеуметтік маңызды жобаларға қатысу мақсатында құрылған.
Клуб мүшелері: іс-шараларға қатысуға, ұсыныстар мен бастамалар енгізуге, сайлануға және сайлауға құқылы; Положені сақтауға, іс-шараларда белсенді болуға және басқа қатысушылардың пікірін құрметтеуге міндетті. Клуб қызметі Балқаш қаласының Территориялық сайлау комиссиясы арқылы үйлестіріледі, оның шешімімен бекітіледі және жыл сайын есеп беріледі.