ҚОӘБ бөлімімен бірге «Селенді тазарту және қожды қайта өңдеу цехын салу» (қара селенді тазарту учаскесі және БМЗ ҚМЦ балқыту шлактарын қайта өңдеу учаскесі) жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Қоғамдық тыңдау 10.12.2020 ж. сағат 10.00-да, мына мекенжай бойынша өткізіледі: Балқаш қ., Ленин көш., 1, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының конференц-залы. Қоғамдық тыңдау ашық жиналыс түрінде өткізіледі, сондай-ақ жиналысқа бейне-конференц бойынша қосылуға болады, Zoom бойынша қосылу сілтемесі:
https://kazakhmys.zoom.us/j/9839734301.
Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты орган – «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, blhop@mail.ru. Жоба жөніндегі құжаттама Балқаш қ. әкімдігі сайтында орналастырылған: Balkhash.gov.kz, e-mail: inform_kont@krg.gov.kz
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган – Қарағанды облысының Экология департаменті.
Құжаттаманы әзірлеуші - «НЦ КПМС РК» «ВНИИЦВЕТМЕТ» ШЖҚ РМК, тел. 87772752284, e-mail: eco.vcm@mail.ru.
Тапсырыс беруші - «Kazakhmys Progress (Қазақмыс Прогресс)» ЖШС, тел. 8 (71036) 63628. Жұртшылық өкілдері жоба материалдарымен қағаз түрінде мына мекенжай бойынша таныса алады: Балқаш қ., Ленин көш., 1, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС басқармасының ғимараты, 1-ші қабат, «Елибаевтың жобалық тобы» каб., тел.87776548373. Мүдделі тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнімен кешіктірмей мына e-mail: kazakhmysprogress@mail.ru бойынша қабылданады.