2020 жылғы 21 шілдедегі «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ конкурстық комиссия отырысының қорытындысы

2020 жылғы 21 шілдедегі «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Б» корпусы бойынша бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының соңғы (бұдан әрі-Комиссия)  қорытынды отырысы өтті.

Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия  бос лауазымдарға орналасу үшін келесі үміткерлерге қатысты оң қорытынды қабылдады:

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің  бас маманы (E-4 санаты, № 3-1-2, бірлік)  бойынша  Расул Парменұлы Қасенханның  кандидатурасы ұсынылды.

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ персоналды басқару қызметінің  бас маманы (Е-4 санаты,  № 7-1-1,  1 бірлік, 2023 жылғы 02 наурызға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне, негізгі қызметшінің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) уақытша бос орынға Жанар Коныршаевна Алимбаеваның кандидатурасы ұсынылды.

"Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің  бас маманы (санаты E-4, №6-1-2,  1 бірлік) үміткерлер болған жоқ.

Дата публикации
21 июля 2020