2020 жылғы 04 тамыздағы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Б» корпусы бойынша бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының соңғы (бұдан әрі-Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымдарға орналасу үшін келесі үміткерлерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
«Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ абаттандыру, автокөлік жолдары, жолаушы көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы (1 бірлік, № 2-1-1, санаты E-R-4) бойынша Игілік Мұратбекұлы Жақыпбайдың кандидатурасы ұсынылды.