Көпшілік тыңдаулар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығы негізінде тағайындалады және өтеді, тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссиясының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді.
Көпшілік тыңдаулардың ұйымдастырушысы: Балқаш қалалық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық және азаматтар құқықтары, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау бойынша және өндіріс, құрылыс, көлік, шағын және орта бизнесті дамыту, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиялары.