Балқаш қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

. Балқаш қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:

1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;

2) Жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 200 ( екі жүз) теңге.

  1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №27/01 «Балқаш қаласының аумағында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6433-09 тіркелген) қаулысы күшін жойды деп танылсын.;
Дата публикации
19 августа 2025